00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Алтай Көлгінов шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

25.02.2023 | 05:10
Елорда ақпарат
32

Біз үшін өзге бағыттармен бірге ШОБ-қа да қолдау көрсету маңызды. Мәселен өткен жылдың өзінде ШОБ субъектілері 8,8 трлн теңгенің өнімін шығарды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге артық.

ШОБ-тың даму қарқынына қолдау көрсету және оны сақтау үшін түрлі бағдарламалар арқылы қолдау жасаймыз: «Даму» қорымен бірлесіп, жеңілдетілген несие беру, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы, «қарапайым заттар экономикасы» – қазіргі уақытта 80 млрд теңгеден астам сомаға 50-ден аса жоба мақұлданды, бұл 4 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді және өзге де бағдарламалар.

Бүгін «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталовпен, басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымовпен, елорданың Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Болат Омаровпен және т.б. бірлесе отырып, ШОБ-ты одан әрі дамыту және қолдау мәселелерін талқыладық.

Нақтырақ айтқанда: жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша жалғастыру, «Еңбек» бағдарламасының қолданыстағы қағидаларына сәйкес шағын бизнеске микрокредит беруді қайта бастау, табысты ірі бизнестің шағын және орта бизнеске тәлімгерлік ету практикасын енгізу және т.б., – деп жазды А.Көлгінов.

Барлық жаңалықтар