00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

ҰҚШҰ бітімгерлері 23 қаңтарға дейін толық шығарылады

24.02.2023 | 21:48
Елорда ақпарат
38

Дәл уақытында көмекке келіп, өз міндетін орындаған 5 елдің бітімгерлері ендігі миссияны Қазақстанның қарулы күштеріне табыстаған еді. Еліне аттанған қырғыз әскерилері Алматыда жүргізген операцияны ойдағыдай өткізіп, Қазақстанға бейбітшілік тіледі.  

«Жергілікті халық бізді жылы қарсы алып, маңызды нысандарды қорғағанымыз үшін алғыс айтты. Оған өте қуаныштымыз. Қырғыз контингенті бауырлас қазақ еліне барынша көмек көрсетуге тырыстық. Ұлттық қауіпсіздік шарт ұйымының алғашқы операциясы сәтті өтті деп ойлаймын. Қазақ елінде әрдайым бейбітшілік болып, гүлдене берсін!», – деді Қырғызстан ҚК бітімгерлік контингентінің қолбасшысы Таланбек Талипов.

Еске сала кетсек, 20 қаңтарға дейін Алматы әуежайынан шамамен 100 әуе рейсі қатынайды деп жоспарланған. Ал Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлік күші елімізден 23 қаңтарға дейін толық шығарылады.  

Барлық жаңалықтар