00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бүліктен бизнеске келтірілген шығын 93,7 млрд теңгеден асты

24.02.2023 | 21:20
Елорда ақпарат
31

Байланыс орталығына 2774 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1406, форс-мажор – 39, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324. Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таратқан мәліметке сай, елдің 9 өңірінде 1488 нысанда орналасқан 1 319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды. Соның ішінде Алматы қаласында – 1399 объектіде орналасқан 1234 субъект.

«Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1245; қоғамдық тамақтану – 25; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2. Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 92,2 млрд теңге)» делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар