00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Биыл Қазақстанда 2 мыңға жуық фейк ақпарат тараған

24.02.2023 | 19:34
Елорда ақпарат
35

Биыл ҚР АҚДМ құрған Stopfake.kz сайты оқырмандар аудиториясының медиасауаттылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыртырып, Қазақстанның ақпараттық алаңында таратылған 900-ге жуық жалған хабарламаларды жоққа шығарды.

Жалпы, сайт жұмыс жасаған бір жарым жыл ішінде, 2020 жылдың шілдесінен бастап қазақ және орыс тілдерінде 2000-ға жуық фейк теріске шығарылды. StopFake сайтының жұмысының нәтижесінде карантиндік шектеулер туралы вирустық хабарламалар, COVID-19 вакцинациясының қауіптілігі туралы жаңылыс ақпарлар, 2021 жылғы парламенттік сайлау туралы жалған ақпарат және т.б. тоқтатылғанын атап өтуге болады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің тұрақты мониторингі жүргізіледі. Сонымен қатар, ресурста сараптамалық сұхбаттар пайда болып, онда белгілі бір хабарламалар ғылыми тұрғыдан түсіндірілді.

Stopfake.kz жобасы «Медиаға арналған Медиа» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Күн сайын сайттағы материалдарды Қазақстанның ірі басылымдары, сондай-ақ шетелдік ақпараттық ресурстар қолданады. Сайттағы екі тілді материалдардан басқа, түрлі мақалалар әлеуметтік желілерде таратылады. Қазіргі уақытта жобаның контенті 7 миллионнан астам рет әртүрлі платформаларда қаралды.

Барлық жаңалықтар