00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ильин азық-түлікке айына 500 мың теңге жұмсайды екен

24.02.2023 | 18:14
Елорда ақпарат
38

- Бағаның өсуі және балалардың мектептегі тамағына қаражаттың жартысынан көбі кетеді.

- Жалақыңыздың жартысынан көбін айтып отырсыз ба?

- Иә, менің жалақымның.

- Ал сіздің жалақыңыз қанша?

- Менің жалақым миллион теңгеге жуық.

- Яғни 500 мыңға жуық ақша азық-түлікке кете ме?

- Бұл – азық-түлік және мектептегі балалардың тағамы, киімі және жаттығулар.

- Жоқ, жаттығуларсыз. Тек тамақтануға қанша ақша кетеді?

- Тамаққа шамамен сонша.

- Шамамен 500 мың теңге?

- Иә

- Ал Сіздің отбасыңызда қанша адам бар?

- Менде төртеу бар.

- Сіз, зайыбыңыз және екі балаңыз?

- Иә.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өзінің отбасы азық-түлікке айына 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтқан болатын. Ал Бағдат Мусин азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын білмейді, өйткені оған зайыбы жауапты екен. Мәжіліс депутаты Анатолий Симонов болса, тамақ үшін айына 250 мың теңгедей жұмсайтынын жасырмады. 

Барлық жаңалықтар