00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жеке сот орындаушылардың қызметін бақылау керек - сенатор

24.02.2023 | 18:10
Елорда ақпарат
29

Сенатор Ләззат Сүлейменнің депутаттық сауалында келтірген деректерге сенсек, банк қызметкерлері мен сот орындаушылар бірлесіп, борышкердің кепілдегі мүлкін өте төмен бағамен сатқан. Тіпті осындай сауда-саттық кезінде бір адамның бірнеше пәтердің қожайыны атанған фактілер де кездеседі екен. Сондықтан жеке сот орындаушылардың қызметіне мемлекеттік бақылау керек-ақ.

«Борышкерлердің мүдделерін қорғау үшін заңнаманы жетілдіру керек. Азаматтардың жалғыз тұрғын үйін өндіріп алуға тыйым салу, қарыз алушы өзінің қаржылық жағдайын жақсартқанға дейін шарттың талаптарын орындамаған кезде банктік қарыз бойынша мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарауды ұсынамыз. Жеке сот орындаушыларының қызметін мемлекеттік бақылау, олардың лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін күшейту қажет», - деді Ләззат Сүлеймен.

Алайда сот орындаушылар сенатордың уәжімен келіспейді. Айтуларынша, сауда-саттық арнайы базада электронды түрде өтетіндіктен, оған сот орындаушылардың араласуы мүмкін емес. Ал мүлікті тараптар өздері бағалайды. Келіспеген жағдайда сотқа жүгіне алады.

Көп жағдайда тараптарға заңсыздықтар түсіндіріліп, өзара бітімге келумен аяқталады екен. Сот орынаушылардың айтуынша, былтырдан бері азаматтардың соңғы мүлкін алуға санкция берілмеген. Тек қарызынан құтылу үшін борышкерлердің өздерінің келісімімен ғана сатқан.

Еске сала кетсек, сенатор жетілдіруді ұсынған заң қабылданған 2010 жылдан бері оған 71 рет толықтыру енгізілген.

Барлық жаңалықтар