00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бюджет қаражатын қолды еткендер шығынды қайтарды

24.02.2023 | 17:41
Елорда ақпарат
19

Осыған орай ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылованың, Нұр-сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.Р.Ораловтың және елордалық білім басқармасы ұжымының қатысуымен кеңес өтті. Жиын барысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Былтыр карантин шектеуіне байланысты тұрғындардың, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы әулеттердегі қажетті техникалық жабдықпен қамту үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Өкінішке қарай, өңірде білім беруге бөлінген қыруар қаражатқа қол сұққан шенеуніктер де анықталған болатын. Сөйтіп, техникалық талаптарға сәййкес келмейтін 1 млрд. теңгенің сапасыз тауары жеткізілді. Жүргізілген тергеу шаралары барысында келтірілген шығын толығымен өтелді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Ш.Қабдулдың айтуынша, бүгінгі таңда білім беру жүйесінде бейінді министрлік пен әкімдіктің дереу араласуын талап ететін мәселелер бар. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, мемлекеттік және әлеуметтік тапсырыстарды орындау, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға бөлу, оқу сағаттарын және төлем қорын бөлу кезінде бірқатар мәселелерге назар аударылды. Сондай-ақ, уәкілетті орган өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, кадр саясаты мәселелеріне және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша қабылдайтын шараларға тоқталып өтті.

Өз кезегінде уәкілетті орган өкілдері «бұлтты» бухгалтерияны енгізу, мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмысты жақсарту және тағы басқа мәселе бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Барлық жаңалықтар