00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ерлан Қарин: Ауыл әкімдерінің 50%-дан астамы - жаңадан сайланғандар

24.02.2023 | 17:39
Елорда ақпарат
30

ҚР Президентінің көмекшісі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдау аясында жүктеген міндеттердің қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып берді. Сондай-ақ, Президент көмекшісі елімізде өткен ауыл әкімдерінің сайлауына да тоқталып, халықтың қолдауына ие болып сайланған ауыл әкімдерін мысалға келтірді.

«Ауыл әкімдерін сайлауы шілдедегі шаруамен біткен жоқ. Әр апта сайын еліміздің белгілі бір ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр. Бүгінде елімізде 2300-ден астам ауыл әкімі бар. Шілде айында 730 ауылдың әкімі сайланды. Одан бері тағы 100 ауылдың басшысы қайта таңдалды. Осылай жалғаса береді. Өйткені, сайлау ауыл әкімінің қызметтік мерзіміне байланысты өтеді. Осы орайда сайланған ауыл әкімдерінің жаңаруы 52 пайызды құрап отыр. Мысалы, кеше ғана Талғардың әкімі болып дәрігер маман сайланғанын жаңалықтардан оқыдым», - деді Ерлан Қарин.

Осылайша, Мемлекет басшысының бұл реформасы ел басқаруға ниетті азаматтар мен ауыл халқының үнімен санасуға мүмкіндік беруде. Сайлаудан бөлек, ауыл әкімдігі аппараты қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру мәселесіне көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 1 мыңнан астам қызметкер өз білімін жетілдірді. Сонымен қатар ауыл әкімдерінің жалақысы да өскен. Бұрын олардың айлығы 130 мың теңгені құраса, қазір 400 мың теңгеге жуықтайды.

Барлық жаңалықтар