00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

47 мың жобаға 2,5 трлн теңгенің жеңілдетілген несиесі беріледі

24.02.2023 | 17:36
Елорда ақпарат
32

Шағын және орта бизнес субьектілері шығарған өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-маусым аралығында 17,5 трлн теңгені құрады. Сектордағы жылдық өсім еліміздің барлық өңірінде байқалды деуге болады. Ең төменгі өсім Павлодар облысында болса да мұндағы ШОБ-тың өнім шығару үлесі 9,8%. Ал ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында – 65,9%. Қазақстанның тек Маңғыстау облысының көрсеткіші ғана былтырғымен салыстырғанда 5,2%-ға төмендеген.

Кәсіпкерлік саланың қайта жандануына мемлекеттік қолдаулар да ықпал етіп отыр, дейді сарапшылар. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, биыл да шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жылдың бірінші тоқсанында 663 млрд теңге сомасына 16 мыңнан астам жоба жеңілдетілген несиемен қаржы алған. Жыл қорытындысы бойынша 2,5 трлн теңгенің жеңілдетілген несиесі 47 мыңнан астам жобаға беріледі деп күтілуде.

Экономиканың зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес кредиттерін қайта қаржыландыру жұмысы да тоқтаған жоқ. 2020 жылдың 15 наурызы мен 2021 жылдың 15 наурызы аралығында 9 мыңға жуық жобаны қайта қаржыландыру үшін 475 млрд теңгенің субсидиясы берілген. Биыл субсидия бөлінетін салалар көбейе түскен. Кеңейтілген тізбе бойынша жыл соңына дейін кредиттік порфель сомасы бойынша 2 мың жобаға 132 млрд теңге субсидия төленеді.

 

Барлық жаңалықтар