00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылады

24.02.2023 | 17:36
Елорда ақпарат
35

Бұл – ҚР Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылған жоба.

«Цифрлық ипотека» қазақстандықтарға құрылыс салушының платформасын және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы құрылыс салушының сайтында тұрғын үй таңдауды, ипотека алуды автоматты тексеруге мүмкіндік береді.

«Ипотеканы мақұлдағаннан кейін кепіл шарты және сатып алу-сату шартын ресімдеу автоматты түрде жүргізіледі. Мәміле тараптарымен қол қойылады және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорына тіркеуге онлайн форматта жіберіледі. Тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама құрылыс салушының сайтындағы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі», - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Барлық жаңалықтар