00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл Қазақстаннан шетелге жіберілген қаражат алынған ақшадан 3,5 есе көп

24.02.2023 | 16:43
Елорда ақпарат
44

Ал шетелден алынған қаражат көлемі – небәрі 186 млрд теңге. Бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 4,5%-ға артық. Осылайша шетелге жіберілген қаражат көлемі алынған көлемнен 3,5 есе асып түсті. 

Қазақстаннан қаражат алушы елдер арасында Өзбекстан көш бастап тұр: ол мемлекетке биылғы сегіз айда бізден 191 млрд теңге жіберілген, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есе көп.

Одан кейінгі орында Түркия (127 млрд тг), Ресей (122,2 млрд тг) және Қырғызстан (99,6 млрд тг) тұр.

Ал Қазақстанға қаражат жіберуші елдер арасында Ресей көш бастап тұр: сегіз ай ішінде ол жақтан бізге 39 млрд теңге ақша келген. Дегенмен өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 22%-ға аз.

Одан кейінгі орындарды Өзбекстан (29,5 млрд тг), Оңтүстік Корея (27,6 млрд тг), Қырғызстан (21,4 млрд теңге) және АҚШ (21,2 млрд теңге) алады.

Барлық жаңалықтар