00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде несие берудің бірыңғай ең жоғары сомасы бекітіледі

24.02.2023 | 16:38
Елорда ақпарат
38

Аталмыш өзгеріс жақында Президент Жарлығымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоспарында көзделген.

Бұл жобаның бір бағыты «Жайлы тұрғын үй» міндетін шешуге бағытталған. Жобаның жүзеге асырылуына жауапты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі жүзеге асырылатын жеңілдікті ипотекалық бағдарламалардың бірыңғай шарты қарастырылатындығын атап өтті.

«Бұл үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес тұжырымдама қабылданғаннан кейін бекітілетін ережені әзірлеу жоспарланып отыр. Кредит берудің бірыңғай ең жоғары сомасы 15-18 млн теңге шегінде, алдын ала тұрғын үй заемінің ең төменгі жарнасы 10 пайыз мөлшерінде айқындалатын болады. Жеңілдік бағдарламасына қатысушылар тізімі кеңейтіліп, ең төменгі күнкөрістің шекті мөлшері ұлғайтылады», – деді ведомстводағылар.

Барлық жаңалықтар