00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Kokshe» арнайы экономикалық аймағы құрылады

24.02.2023 | 16:33
Елорда ақпарат
43

Қаулыда 2046 жылға дейінгі кезеңге "Kokshe" арнайы экономикалық аймағын құру тапсырылады. "Kokshe" АЭА туралы Ережеге сәйкес аталған арнайы экономикалық аймақ Бурабай кентінің аумақтық шекарасы шегінде орналасқан. Аумақтың көлемі 28,5 гектар.

«Kokshe» АЭА құрылу мақсаты:

1) Келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға, Бурабай ауданында қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыруға қабілетті қазіргі заманғы тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды жедел дамыту; 

2) Қолайлы инвестициялық ахуал жасау, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, елдің туристік саласына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ Бурабай ауданы мен Ақмола облысының әлеуметтік проблемаларын шешу, оның ішінде Бурабай ауданы мен Ақмола облысы халқының жұмыспен қамтылуын және өмір сүру деңгейін арттыру;

3) Щучье – Бурабай курорттық аймағын дамытуға жәрдемдесу мақсаттарында құрылады.

"Kokshe" АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

Құжаттың толық мәтіні сілтеме бойынша қолжетімді.

Барлық жаңалықтар