00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандықтар биыл 22 837 құйма алтын сатып алған

24.02.2023 | 16:30
Елорда ақпарат
38

Тазартылған алтын құймаларын сату және сатып алу бағдарламасы 2017 жылы іске қосылған болатын. Бағдарлама іске қосылғаннан бері елімізде жалпы салмағы 2,4 тонна болатын 65 416 алтын құйма сатылған.

Бүгінде сатылымда алтын құймалардың бес түрі бар: 5,10,20,50 жәнк 100 г салмақтағы құймалар. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие құйма – 10 грамдық құйма. Оның жалпы сатылым көлеміндегі үлесі – 29% немесе 18 672 дана. Одан кейін халық көп сұрайтын құйма түрі – салмағы 100 грамдық құйма. Бағдарлама басталғаннан бері оның 15 001 данасы (23%), 20 граммдық құймадан – 12 750 дана (19%), 5 граммдық құймадан – 10 933 дана (17%), 50 граммдық құймадан – 8 000 (12%) дана сатылған.

Көбінесе, алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары арасында сұранысқа ие.

Жалпы, алтын құймалар инвестицияның сенімді құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы жоғары сатылымды қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі – екінші деңгейлі банктер мен банктік емес ұйымдар тұтынушыға ақшаны тапсырған күні төлеп, алтын құйманы кері сатып ала алады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары жалпы салмағы 21,9 кг болатын өлшенген 229 құйманы кері сатып алуға қабылдады. Солай бола тұра, екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 236,9 кг өлшенген 9 484 құйманы кері сатып алған, бұл жалпы құймалардың 14%-ын құрайды. Қабылданған құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің аумақтың филиалдарына қайтарылмастан халыққа сатылады.

Әрбір алтын құйма оны қорғап тұратын элементтермен (құймалардың беті қапталып, микротекси жазылады және рельефт жиегі салынады) және арнайы қорапқа салынып жасалады, қорап құйманы механикалық тұрғыда қорғайды, әрі қорап ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорап, сондай-ақ, сапа сертификатына да жауап береді. Сондықтан, құйманы дұрыс сақтап, қорабын бүлдірмеген жөн.

Барлық жаңалықтар