00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

iPhone 13 сатып алу үшін қазақстандықтар қанша күн жұмыс істеуі керек

24.02.2023 | 16:01
Елорда ақпарат
37

Қазақстанда iPhone 13 Pro смартфонының базалық комплектациясы 619 990 теңге тұрады. Былтырғыдай, өндіруші бұл жолы да жиынтыққа зарядтаушы құрылғыны да, құлақаспапты та қоспаған. Францияда ғана жергілікті заңнама Apple-ды сатылып жатқан жиынтыққа құлақаспапты қосып беруге міндеттейді. 

Ұлттық статистика бюросының соңғы деректеріне сәйкес, елімізде орташа айлық жалақы 256 455 теңгені (қолға тиетіні – 207 362 теңге) құрайды. Сонда iPhone 13 Pro сатып алу үшін орташа статистикалық қазақстандық 62,8 күн жұмыс істеуі керек (тапқан бар ақшасын жинаған күнде) болып тұр. 

Алдыңғы жылдарда Қазақстандағы iPhone индексі мынадай болатын:

  • 2018 – 86 күн;
  • 2019 – 76,5 күн;
  • 2020 – 74,6 күн;
  • 2021 – 62,8 күн.

Жаңа айфонға ақшаны бәрінен бұрын швейцариялықтар тезірек жинайды, бұл ел тұрғыны небәрі 4,4 күн жұмыс істеп, алмалы брендтің жаңа құрылғысын сатып алуға қабілетті. Орташа статистикалық америкалық 5,9 күн, ал Аустралия мен Люксембург тұрғындары 6,4 күн тер төгуі қажет.

Жаңа айфон сатылымға шыққан елдердің ішінде ең төмен көрсеткішті Түркия көрсетіп тұр, мұнда iPhone 13 Pro (128 ГБ) құны 92,5 күндік жұмысқа тең. 

 

Барлық жаңалықтар