00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 3,4%-ға дейін жеделдеді

24.02.2023 | 15:58
Елорда ақпарат
37

Үкімет басшысы ұлттық экономика сенімді қалпына келу қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,4% құрады. Экономиканы қалпына келтіруге дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың арқасында қол жеткізілді.

Осылайша, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 5,7%-ға өсті. Өсім машина жасауда 22,8%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда 31,6%-ға, локомотивтер мен вагондар өндірісінде – 50,5%-ға, құрылыс материалдары өндірісінде – 10,1%-ға, фармацевтикада – 38,1%-ға, пластмасса бұйымдары өндірісінде – 31,4%-ға, киім өндірісінде – 14%-ға, жиһаз өндірісінде – 14,9%-ға, дайын металл бұйымдары өндірісінде – 17,2%-ға байқалады.

Қызмет көрсету секторында карантиндік жеңілдіктер аясында сенімді қалпына келтіру байқалады, сауда (+9,3%) және байланыстағы (+13,0%) жоғары динамика есебінен өсу қарқыны 2,9%-ға жетті.

Құрылыс 9,7%-ға өсті. 9 айда елімізде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық.

Инвестициялардың өсуін белсенді қалпына келтіру жалғасып, тау-кен өндірісін есепке алмағанда 2%-ды құрады, өсім 15,1% деңгейінде.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жоғары көрсеткіштері құрылыста (+126,3%), өңдеу өнеркәсібінде (+80,6%), саудада (+37,8%), ауыл шаруашылығында (+36,7%), жылжымайтын мүлікпен операцияларда (+18,9%), қаржы қызметінде (+15,6%), ақпарат пен байланыста (+14,3%) байқалды.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы 6 көрсеткіш бойынша, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы 5 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысына тиесілі.

Үкімет басшысы экономиканың өсу қарқынын арттыру және әртараптандыру, инвестициялар тарту және жұмыс орындарын құру, азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу жөніндегі жұмысты күшейтуді, сондай-ақ инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Барлық жаңалықтар