00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстанда мейрамхана-қонақүй бизнесіндегілер қанша жалақы алады

24.02.2023 | 15:29
Елорда ақпарат
42

Аймақтар бойынша қарастырсақ, саладағы ең жоғары жалақыны Атырау облысы (265,8 мың теңге), елорда (246,9 мың теңге) және Шымкентте (224,5 мың теңге) алады.

Биылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша HoReCa саласында 185,5 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,4%-ға аз. Өткен «пандемия» жылында секторда жұмыспен қамтылғандар саны 2,1%-ға азайып, 200,3 мың адамға қысқарды.

Салада жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбінің (53,7%) орта кәсіптік білімі бар, тағы 31,8%-ы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған, 14,5%-ы бастауыш, негізгі, орта жалпы немесе бастауыш кәсіптік білімге ие.

HoReCa саласында жұмыспен қамтылғандардың көбі Алматыда (24,6 мың адам). Үздік үш өңір қатарында Алматы облысы (22,6 мың адам) мен елорда (21,7 мың адам) да бар.

Барлық жаңалықтар