00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Мемлекеттік бюджет кірісі бір жылда 5%-ға артты

24.02.2023 | 15:22
Елорда ақпарат
44

Түсімдердің басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 65,6%-ы немесе 5,5 трлн теңге салықтар есебінен болған. Оныі ішінде қосылған құн салығы – 1,5 трлн теңге (бір жылда +24%), корпоративті табыс салығы – 1,3 трлн теңге (бір жылда +35,6%), жеке табыс салығы – 641,3 млрд теңге (бір жылда +17%), әлеуметтік салық – 467,4 млрд теңге (бір жылда +11,8%), акциздер – 254,4 млрд теңге (бір жылда +6%) болды. 

Салықтық емес түсімдер жалпы көлемнің 2,3%-ын немесе 197,5 млрд теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 33,7%-ға артық. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2,6 есе өсіп, 98,9 млрд теңгеге жетті.

Биыл трансферт түсімдері былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда  27,6%-ға немесе 2,6 трлн теңгеге төмендеді, трансферт түсімдері кірістер құрылымында 30,9%-ды құрайды.


 

Барлық жаңалықтар