00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жеке кәсіпкерлердің бөлшек саудадағы үлесі азайып барады

15.02.2023 | 15:58
44

Коронавирус кесірін тигізген 2020 жылдан кейін аталмыш салада қайта өсім байқалып отыр, сол кезде көрсеткіш 11,7%-ға төмендеген-ді.

Ресми бөлшек сауданың үштен бір бөлігі (2 трлн теңге) бір Алматының үлесіне тиеді. Сондай-ақ және бір айтарлықтай көлемі Нұр-Сұлтан (735,1 млрд теңге) мен Шығыс Қазақстан облысына (585,6 млрд теңге) тиесілі.

Өңірлердегі бөлшек сауда өсімі 0,5%-дан (Солтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстары) 15,9%-ға (Алматы) жетті. Шымкент (+ 9,9%) пен Маңғыстау облысында (+ 9%) да едәуір өсім байқалды.

Бөлшек сауда көлемінің үштен екісі дерлік азық-түлік емес тауарларға тиесілі. Мұнда көрсеткіш 13,5%-ға артып, 4,2 трлн теңгені құрады.

Азық-түлік тауарлары сегментінде бөлшек сауда көлемі 2,3 трлн теңгеге тең, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4%-ға аз.

2021 жылғы қаңтар-шілде аралығында бөлшек сауданың үштен екісінен астамын (4,3 трлн теңге) сауда кәсіпорындары мен ұйымдары қамтамасыз еткен.  Бұл ретте жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде нарықтағы саудагерлердің үлесіне бөлшек сауданың 32,9%-ы немесе 2,1 трлн теңге тиесілі.

Жеке кәсіпкерлердің бөлшек саудадағы үлесі алтыншы жыл қатарынан төмендеп келеді. Мәселен, бір жыл бұрын ол 39,7% болса, 2018 жылы 46,8%-ды құраған еді.

Барлық жаңалықтар