00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қай өңірдегі жарнама агенттіктерінің «қолы жүріп тұр»?

15.02.2023 | 15:58
Елорда ақпарат
51

Салыстыру үшін айтсақ, 2020 жылы аталмыш саладағы қызметтер көлемі 11,7%-ға азайып, 95 млрд теңгеге түскен еді. Жылдың басым бөлігі карантинде өткенін ескерсек, мұндай құбылысқа таңғалуға да болмас.

Өңірлерге шақсақ, көрсетілген қызметтердің едәуір бөлігі Алматының үлесіне келеді: республика бойынша көрсетілген қызметтердің 82,8%-ы, яғни 127,3 млрд теңге оңтүстік астанаға тиесілі. Бұл – былтырмен салыстырғанда 76,1%-ға жоғары.

Екінші орынға елорда (15 млрд тг; былтырға қарағанда 24,1%-ға көп) жайғасты. Үздік үштікті Шымкент (1,6 млрд тг; былтырға қарағанда 0,3%-ға аз) түйіндеді.

Ал салыстырмалы түрде қызметтердің ең азы Түркістан облысында (небәрі 109,8 млн тг; былтырға қарағанда 19,7%-ға көп) көрсетілген.

Саладағы барлық қызмет көлемінің қомақты бөлігін, яғни 92,3%-ын (142 млрд тг) жарнама агенттіктері көрсеткен, бұл былтырға қарағанда бірден 85,3%-ға көп.

Енді бір бөлігі – 8,2 млрд теңгенің қызметі нарықтық конъюктура мен қоғамдық пікірді зерттеу саласына тиеді. Қалған 3,6 млрд теңгеге бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру бойынша қызмет көрсетілген.

Барлық жаңалықтар