00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Үздік үш банктегі топ-менеджерлердің жиынтық сыйақысы 7 млрд теңгеден асқан

15.02.2023 | 15:56
Елорда ақпарат
43

Биыл 7 айда екінші деңгейлі банктердің еңбекақы төлеу және міндетті аударымдарға жұмсалған шығыны – 183,3 млрд теңге, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 13,7% артық.

2020 жылғы атқарушы орган мүшелерінің жиынтық сыйақы мөлшері туралы ақпаратты елдегі екінші деңгейлі 23 банктің 14-і ғана Қазақстан қор биржасына (kase.kz) орналастырған. 14 банктің тоғызы 2019 жылмен салыстырғанда атқарушы орган мүшелері үшін сыйақы мөлшерін ұлғайтқан.

ForteBank топ-менеджерлерге бонустардың ең үлкен көлемін ұсынған: 2,39 млрд теңге, 2019 жылмен салыстырғанда 9,9% артық. Кейін Сбербанк тұр: 2,36 млрд тг, 2019 жылмен салыстырғанда өсім –25,8%. Сыйақының едәуір көлемін Halyk Bank (2,33 млрд теңге), Альфа-Банк (1,23 млрд теңге) және Bank RBK (854,4 млн теңге) топ-менеджерлерге бөлген.

Сондай-ақ Альфа-Банк және Bank RBK төленген сыйақының ең үлкен жылдық өсімін көрсетті – 46,6% және 33,1%.

Топ-менеджерлерге бонус беруді қысқартқан 5 банктің ішінде ең үлкен көрсеткіш Хоум Кредит Банкі (бірден 2 есе қысқартып, 618,6 млн теңгеге жеткізді) және Kaspi Bank-те (45,6%-ға қысқартып, 261,3 млн теңгеге жеткізді) тіркелді.

2020 жылғы қорытынды бойынша АТФБанк пен Нұрбанк шығынға батқан. АТФБанк атқарушы органы мүшелерінің жиынтық сыйақысы 285,4 млн теңге (бір жылда плюс 17,2%), Нұрбанк – 94,8 млн теңгені (бір жылда минус 8,4%) құрады.

Барлық жаңалықтар