00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын бюджет шығыны бір жылда 8%-ға өсті

15.02.2023 | 15:55
Елорда ақпарат
49

Өткен жылы 7 айда аталған саладағы шығын 2,2 трлн теңге еді. Биыл республикалық бюджеттің әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған шығыны шамамен 2,3 трлн теңге, жергілікті бюджеттердің шығыны – 215,7 млрд теңге болып отыр.

Сектордағы ең көп шығын Түркістан (26,5 млрд теңге, өткен жылмен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға артық), Алматы (21,8 млрд теңге, өткен жылмен жылмен салыстырғанда 9,7%-ға артық) облыстары мен Шымкенттің үлесінде (19,8 млрд теңде, өткен жылмен жылмен салыстырғанда 56,2%-ға артық).

Бөлінген қаражат көлемінің ең үлкен жылдық өсімі Шымкентте байқалған, ең көп қысқару Шығыс Қазақстан облысында (17,1 млрд теңге, 6,3%-ға азайған) тіркелді.

2021 жылғы қаңтар мен шілде аралығында қысқартуға жатпайтын республикалық бюджет бағдарламаларының орындалуы 362,4 млрд теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда бұл 80,1%-ға аз. Мұндай қысқарту республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемдерін төлеудің тоқтатылуымен байланысты. 2020 жылғы 7 айда барлық қаражаттың 80,8%-ы аталған салаларға жұмсалды.

Биыл ең көп қаражат (182,8 млрд теңге; өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық) мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыға жұмсалды. Сондай-ақ асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы (48,3 млрд теңге, плюс 9,6%) мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының (32,2 млрд теңге, плюс 10,8%) үлесі жоғары. Сонымен қатар бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер төлемдері, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар да қысқарды.

Барлық жаңалықтар