00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл жазғы шомылу маусымында 319 адам суға кеткен

15.02.2023 | 15:53
45

Жалпы, елімізде 150 мың табиғи және жасанды су қоймасы бар. Оның 538-інде ғана суға түсуге рұқсат етілген. Бұл былтырғыға қарағанда 93 орынға көп. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 454 құтқару және 66 медициналық бекеті құрылған. Сондай-ақ 59 маусымдық мобильдік-құтқару бекеті жасақталды. Су қоймалары бойына 6655 қауіпсіздік белгісі қойылды. 33 мыңға жуық адам жүзуге үйретілді. Бұл жұмыстарға 18 мың ерікті тартылған. Шомылу маусымындағы қауіпсіздікті бақылау үшін ел көлемінде 76 мыңнан астам патрульдік рейд жүргізіліпті.

«Жылу маусымының аяқталуына қарамастан, құтқарушылар су акваторийларында адам өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Өйткені күз басталысымен аң аулау және балық аулаушылардың қаза табуына жол бермеу мақсатында су айдындарында қауіпсіздікті сақтау қажеттілігін тағы да еске саламын», - дейді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы Қанат Тұрысбаев.

Барлық жаңалықтар