00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Жезқазған әкімі ЖЭО-дағы 3 қазандықтың істен шығу себебін түсіндірді

19.12.2023 | 15:49
34
фото: дереккөзден

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов Жылу энергия орталығындағы қазандықтардың апаттық тоқтап қалу себебін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

Қала әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта ЖЭО-да 2 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желілерінде нормадан 10 градус кем температура, яғни қалыпты 73 градустың орнына, 63 градус шамасында.

Кеше кешке №4 қазандықта жарықша пайда болды. Ақау анықталғаннан кейін қазандық өшіріліп, жөндеуге кірістік. Қазандық бүгін сағат 20:00-ге дейін қайта іске қосылатын болады. Бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады деп күтілуде. №6 қазандық бүгін сағат 10:15 – те істен шықты, мұнда түтін сорғыш қозғалтқышында ақау анықталды.  Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде, -деді Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов Instagram желісіндегі парақшада.

Қала басшысы бүгін түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келетінін және таңертең 10.00-де 5-ші қазандықты іске қосуды жоспарлап отырғанын айтты.

Барлық жаңалықтар