00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер үшін қосымша ақша беріле ме?

17.08.2023 | 09:00
46

Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деп тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.  Себебі, Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті бұл ақпарат жалған, - делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығында тапсыруға болады.

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады.

Барлық жаңалықтар