00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қыркүйекте теміржол арқылы жүк тасымалдау көрсеткіші артты

08.10.2023 | 06:00
40
фото: None

ҚТЖ желісінде жүктерді тиеу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға өсіп, 22,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлады Elorda.info «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел бойынша теміржол көлігімен 14,6 млн тонна тасымалданды, бұл 2022 жылғы қыркүйектегі көрсеткіштен 5 пайыз артық. Экспорт 10 пайыз өсіп, 7,5 млн тоннадан асты.

Тас көмірдің 8,8 млн тоннасы тиелді. Ел бойынша 6,4 млн тонна тасымалданды. Экспортқа 2,4 млн тонна тиелген. Қыркүйек айында астық тасымалы 15,8 пайыз артып, 865 мың тоннаға жетті. Экспорт 32 пайыз өсті. 

Барлық жаңалықтар