00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Теміржол қызметі қымбаттады

24.10.2023 | 13:00
41
фото: Оңалхан Өнерхан

Биыл қаңтар–қыркүйегінде теміржол арқыл 308,1 млн тонна жүк тасымалданды, бұл былтырғыдан 0,7 пайызға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Жүк тасымалының ең көп көлемі Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстарына тиесіді, ең аз Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалды.

Биыл қыркүйек айының соңында елімізде теміржол қызметтерінің бағасы бір жылда 10,5%-ға өсті. Қала сыртына қатынайтын пойызда жол жүру бағасы 10,7%-ға, республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында — 11,3%-ға, республикаішілік пойыздың купе вагонында — 9,4%-ға қымбаттады.

Өңірлер бойынша Маңғыстау, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында айтарлықтай қымбаттады.

Бағаның ең аз өсуі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қызылорда және Атырау облыстарында жолаушылар тиісінше арзандады.

Барлық жаңалықтар