00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Түркістан облысында балаларды тепкілеген әке қамауға алынды

23.02.2024 | 06:05
58
видеодан скриншот

Қолына бүлдіршінді ұстаған еңгезердей жігіт жерде еңбектеп жүрген балақайларға дауыс көтеріп, теуіп жатыр. Кейін оның жәбір көрген балалардың өгей әкесі екені анықталды. 

Ал жантүршігерлік жағдайды шімірікпей таспаға түсіріп тұрған адамның кім екені әзірге белгісіз. Десе де аталмыш видео әлеуметтік желіге тараған соң, тәртіп сақшылары кішкентайларға күш көрсеткен азаматты ұстаған. 

Енді тергеушілер күдіктіден балақайларға неге өшіккенін анықтап жатыр. 

Тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталуда. Істің тергелуі Түркістан облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында. Жалған ақпарат таратқанға заңда жауапкершілік қаралғанын ескерте отырып, азаматтардан тек ресми дереккөздеріне сүйенуді сұраймыз, - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков. 

Барлық жаңалықтар