00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Skills Enbek платформасында қалай оқуға болады?

16.02.2024 | 07:08
65
Фото: ашық дереккөз

Платформада барлығы 368 мың қазақстандық, оның 12,5 мыңы – биыл тіркелген.

Курстан  өткен 5,7 мың жұмыссыз азаматтың 1,7 мыңға жуығы негізінен Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 475 курс жариялады, оның 241-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore және Fluent Education серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Қаңтар айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Жүріп-тұруы қиын адамдарды алып жүруге арналған жеке көмекшінің кәсіби курсы», «Экологиялық қауіпсіздік негіздері», «Сатушы», «Қаржылық сауаттылық», «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс».

Платформада тұру және тамақтану, құрылыс және ТКШ, әлеуметтік қызмет көрсету, қаржы және бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға skills.enbek.kz сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтындағы «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы тікелей қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.

Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұрайды: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).

Барлық жаңалықтар