00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Әскери жоғары оқу орнында жас сарбаздар ант берді

20.06.2023 | 20:30
57
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты күзет ротасының сарбаздары Отанға адал болуға салтанатты түрде ант берді, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл алғаш рет әскери институттың күзет ротасына мекемені күзету мен қорғауды қамтамасыз ететін 30 жауынгер шақырылған болатын. Салтанатты шараға институт жеке құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаз аналары комитетінің мүшесі Татьяна Тропина, сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты. 

092d74bfc5d1c59d3770f76f4e4c755c_1280x720.jpg

Әскери қызметшілерді Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Даутов құттықтады.

Бүгін сіздер әскери борышты лайықты өтеуге және Отан қорғауға ант бердіңіздер. Алдағы қызметтеріңізде жауынгерлік дайындықта сәттілік тілеймін. Әскери қызмет өмірлік және кәсіби жоспарларыңызды жүзеге асыруда сенімді бастама болатынына сенімдімін, – деді ол.

Ант қабылдағанға дейін бір айлық жас жауынгер курсынан өткен жас жігіттер қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетіп, әскери оркестрдің үнімен салтанатты шерумен жүріп өтті.

Қостанайдан әскерге шақырылған Шерхан Мұратқалиды әскери мамандық жас күнінен қызықтырған екен. Сол себепті ол әскерге өз еркімен келген.

Бір айда біз көп нәрсені үйрендік, сондай-ақ әскери оқу орнының қызметі қалай ұйымдастырылатынын, курсанттар қандай тәртіппен өмір сүретінін білдік, – дейді жас сарбаз.

Ресми бөлімнен соң әскери оқу орнының басшылығы ата-аналарға институт, казармаларға экскурсия ұйымдастырды. Олар сондай-ақ асханаға барып, әскери қызметшілердің тамақ рационымен танысты.

Барлық жаңалықтар