00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

ШҚО-да 4 ауылдың тұрғындары ішімдіктен бас тартты

17.01.2024 | 09:15
66
фото: polisia.kz

ШҚО-да өткен жылы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 5 мыңнан астам адам жатқызылды, алкогольге тәуелді 370-ке жуық адам мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесіне жіберілді. Оңалту курсынан өткеннен кейін учаскелік инспекторлар оларды тұрақты түрде тексереді және заң бұзбауын қатаң қадағалайды. 

Сонымен қатар заңсыз алкоголь өнімдерін анықтауға баса назар аударылады. Өткен жылы облыста 16,5 тонна суррогат спирті тәркіленді, 205 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.     

Полиция, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық кеңестер жүргізіп жатқан шаралар оң нәтиже беріп келеді. Катонқарағай ауданындағы Көкбастау, Күршім ауданындағы Теректібұлақ, Ұлан ауданының Жанұзақ және Тарбағатай ауданының Байтоғас ауылдарының тұрғындары ішімдік ішуден толықтай бас тартты. Бұл осы ауылдардағы қылмыстық ахуалға оң әсер еткен, онда қазіргі уақытта ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.  

Барлық жаңалықтар