00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Сенат әйелдердің құқығы мен бала қауіпсіздігіне қатысты заң жобасын мақұлдады

11.04.2024 | 19:02
59
Сенат әйелдердің құқығы мен бала қауіпсіздігіне қатысты заң жобасын мақұлдады
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінан

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 Бүгін Сенат «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңды мақұлдады. Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырған болатын. Көп ұзамай Мәжіліс депутаттары жаңа құжатты әзірлеуге кірісті. Бұл жұмысқа Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың мүшелері белсене атсалысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаның күшейтілуі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған түрлі шаралардың белгіленуі заңның негізгі жаңашылдығы деп атауға болады,- деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Сонымен қатар ол елдегі нәзік жандылармен балалардың құқығының тиісті деңгейде қорғалуы Мемлекет басшысының жіті назарында екеніне тоқталды.

Әйелдер мен балалардың іргелі құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі. Бұл мәселе қашанда Мемлекет басшысының басты назарында.  Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықты ымырасыз күрес жүргізуді қажет ететін әлеуметтік кеселдің бірі ретінде атап өтті, - деді Е. Қарин.

Барлық жаңалықтар