00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Sapar» қосымшасы жаңа функциялармен толықты

05.04.2023 | 15:14
28
фото: gov.kz

Мамандар алты жаңа функцияны енгізді, деп хабарлады Elorda.info.

«ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ IT мамандары республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылардың ыңғайы үшін арнайы жасақтаған көпфункционалды «Sapar» қосымшасын одан әрі дамыту жұмыстары жалғасуда. 

Мамандар алты жаңа функцияны енгізді: 

Қосымшаға жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы қосымша ақпарат жүктелді (қызмет көрмету нысандарының байланыс нөмірлері мен фотолары жүктелді; ұныған қызмет көрсету нысанын таңдаулыға қосып қоюға болады);

Маршрутта бірден бірнеше аялдаманы таңдауға болады. Егер бұрын пайдаланушылар тек А нүктесінен В нүктесіне дейін жүре алса, қазір бір маршруттың ішінде бірден бірнеше қаланы таңдау мүмкіндігі бар; 

Маршрутты таңдаулыға қосып қоюға болады; 

Пайдаланушылардың ыңғайы үшін жабық жол учаскелері енді қосымшаның басты бетінде көрсетіледі; 

Пайдаланушының жеке кабинетінде қандай ақылы жолмен жүргені сақталады; 

Қосымшадағы барлық бөлім бойынша «Sapar» қосымшасын пайдалану нұсқаулығы жасалды. 

Егер бұрын «Sapar» қосымшасы тек Google Play-де қолжетімді болса, енді қосымша App Store-да да бар.

Барлық жаңалықтар