00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Сабақты «беске» бітірдім»: Әкесінің қабіріне барған оқушы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

05.06.2023 | 17:00
39
Фото: видеодан скриншот

Instagram желісінде әкесінің зиратына келіп, өзінің үздік оқушы екенін айтқан оқушы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады Elorda.info.

Видеодан оқушының марқұм әкесіне мақтау грамотасын көрсетіп, сөйлеп отырғанын көруге болады.

Папа, ассалаумағалейкум. Мынаны қарашы, сабақты беске бітірдім. Енді 3 сыныпқа барамын, - дейді бала.

Бұл бейнежазба көпшілікті бейжай қалдырмаған.

«Көз жасыма ие бола алмадым». «Недеген ақылды бала, бәрін жылатты, әкесін сағынған екен, иманды болсын, жолың ашық болсын», «Құтты болсын балақай, осылай өзің алға жүре бер, Папаң иманды болсын», «Аруағы қолдап жүрсін», - деп жазды желі қолданушылары.

Барлық жаңалықтар