00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Әрбір ғимаратта қолтаңбаларыңыз бар»: Әкім құрылысшыларды мерекелерімен құттықтады

13.08.2023 | 08:00
43
Фото: Василий Крась

Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрылыс саласы – ел экономикасының маңызды көрсеткіші. Ауыл мен қаланың көркеюіне тікелей үлес қосатын, халықты әлеуметтік нысандармен қамтып, зәулім ғимараттар салатын – Сіздерсіздер.

Елімізде бой көтеріп жатқан әрбір ғимаратта сіздердің алақандарыңыздың, айрықша қолтаңбаларыңыздың ізі бар. Оның ішінде, қарышты даму жолына түскен елордамызда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Халықтың қолайлы тұрмысына жан-жақты жағдай жасау үшін инфрақұрылым ауқымы да кеңейді. Сондықтан Сіздерге көрсетілетін құрмет те, айтар алғыс та мол.

Мерекелеріңізбен құттықтай отыра, жоғары кәсіби шеберліктеріңіз, адалдық, жанқиярлық және шығармашылық жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын! 

Мықты денсаулық, бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін! – делінген құттықтауда.

Барлық жаңалықтар