00:00
Астана -10oC
USD:
465.52
EUR:
498.2
RUB:
5.45
Іздеу

Павлодарда «Жас сарбаз» кадеттері арасында жаппай төбелес болып, үшеуі ауруханаға түсті

24.05.2024 | 11:48
Торғын Аман
127
Павлодарда «Жас сарбаз» кадеттері арасында жаппай төбелес болып, үшеуі ауруханаға түсті
фото: дереккөзден

Павлодардағы «Жас сарбаз» әскери мектебінің кадеттері жаппай төбелесіп, үш оқушы жарақат алды. Олар дәл сабақ үстінде жұдырықтаса жөнелген, деп хабарлады Elorda.info КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қабанбай батыр атындағы мектеп шәкірттерінің төбелесі бейнекамераға түсіп қалған.

Мектепте ойран салған 50 шақты баланың бәрі жоғары сыныпта оқиды. Үзіліс кезінде мектеп бітірушілері мен 10 сынып оқушылары арасында кикілжің болған. Кейін дау-жанжал сабақ үстінде төбелеске ұласқан. Оңбай таяқ жеген үш курсант ауруханаға жеткізілген. Тәріп сақшылары бұзақылық бабымен іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Жаппай төбелес тіркелген оқу ордасының басшысы да жауапқа тартылмақ. Яғни мектеп директоры темірдей тәртіп орната алмағаны үшін тергеліп жатыр. Тіпті білім ордасына арнайы комиссия тексеру жүргізуде. Соның нәтижесі бойынша басқа да мұғалімдер тәртіптік жазаға тартылады.

 «Павлодар кадет мектебіндегі бұзақылық фактісі бойынша тергеу басталды. Жағдайлар мен себептері анықталып, сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жанжалға қатысушылар полиция бөліміне жеткізілді. Қазір олардың әрқайсысының рөлі белгіленеді, содан кейін әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Немқұрайлығы үшін мектеп директорына да қатысты тергеу басталды», - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Барлық жаңалықтар