00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ораза айт: бүгін мереке ме, мейрам ба

21.04.2023 | 12:00
76
Фото-коллаж: Elorda.info

Бүгінде жұрт мейрам мен мерекені айыра алмайтын болған. Бұлай деуімізге мысалдар көп-ақ. Шенділерді есепке алмағанның өзінде, әлеуметтік желіде болсын, былайғы өмірде бірін-бірі құттықтаған жұрттан осыны аңғарасың, деп жазады Elorda.info

Мәселен, бүгін – Ораза айт мейрамы. Кей адам, оның ішінде, жоғарыда айтқанымыздай, шенеунік басшылар бүгін әлеуметтік желіде бірін-бірі «мерекемен» жарыса құттықтап жатыр. Осы орайда мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінде сөз қадіріне мән бермейтіндер жұмыс істей ме деген ойға қалады екенсің... Еріксіз. Әйтпесе бастығының әр сөзін жазып жүргендер журналист, филолог мамандығына оқыған қыз-жігіттер.

Рас, мемлекеттік мерекелерді дәстүрлі түрде мейрам дей береді. Алайда екі ұғымның арасында айырмашылық бар. Ендеше, қаперіңізде жүрсін: мейрам мен мереке сөздері бір-біріне синоним болғанымен, әрқайсысының қолданылу жөні бөлек! 

Мәселен, мереке – мемлекеттік, ресми түрде бекітілген салтанатты оқиғалар: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі, Тілдер мерекесі, Балалар күні мерекесі, т.б. 

Мейрам – жалпыхалықтық сипаттағы қалыптасқан әрі дәстүрге айналған салтанат, той-думан. Мәселен, Наурыз мейрамы, Ораза, Құрбан айт мейрамы...  

Заңмен бекітілген және. 

Сөзді дұрыс қолдана білген жөн-ау.

Ғани АТЫМТАЙ

Барлық жаңалықтар