00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Үндістаннан Қазақстанға ең төменгі бағада әуе рейсі ашылады

22.05.2023 | 21:30
65
фото: ашық дереккөз

2023 жылғы 15 тамызынан бастап Үндістанның «IndiGo» төмен бюджеттік әуе компаниясы Дели – Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті ұшағы аптасына 3 рейс жиілігімен Қазақстанға қатынайтын болады, деп хабарлады Elorda.info.

«IndiGo» әуе акомпаниясы Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы болып табылады. Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады деп күтілуде. Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Үндістанның ең ірі арзан әуе тасымалдаушысы «IndiGo» 2006 жылғы тамызда құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық 300-ге жуық А-
320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал,
Португалия және т.б.).

Барлық жаңалықтар