00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды

07.06.2023 | 18:00
31
Фото: eldala.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлады Elorda.info

Антикордың мәліметінше, ол пара алды деген күдікпен ұсталған. 

Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына қатысты өзге мәлімет жарияланбайды, - деді Антикор өкілдері.

Нұржан Әлтаев әр жылдары Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған, сондай-ақ Мәжілістің VI шақырылымының депутаты болған.

Барлық жаңалықтар