00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

«Мен – заңды әйелімін!»: Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің бірінші отбасынан өзін мазаламауды сұрады (ВИДЕО)

04.05.2023 | 12:00
68
Фото: ашық дереккөз

Әнші Мақпал Жүнісова отбасына қатысты өз шындығын айтып, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасынан өзін мазаламауды сұрады, деп жазады Elorda.info.

Әнші бұл туралы «1001 түн» бағдарламасына берген сұқбатында айтқан.

Ана үйдегі кімдермен де жақын араласуына болатын еді, Зәкең жағынан да. Бірақ ол жақтағы бәйбіше... Бәйбіше емес қой, бұрынғы ажырасып кеткен әйелі. Заңды әйелі — менмін. Ол кісі Зәкеңнің көзі тірісінде балаларын араластырмады. Мерейдің маңдайынан бір сүймеген адамдар. Зәкеңнің жоқ болғанына 18 жыл болды ғой. Бір келіп, Мерейдің маңдайынан сүймеген адамдар. Бұл қыз мектепке барды, мектепті бітірді. Біреуі келіп құттықтап, бір кірген емес. Зәкеңнің зейнетақысына таласқасын не сұрайсыз? Зәкең қайтыс болғанда Қайрат — 38-де, Құралай — 33-те болды. Сөйтіп отырып олар зейнетақысына таласты. Мереймен Зәкеңнің зейнетақысын 18 жыл бойы бөлісті. Осыдан кейін қандай туысқандық болуы мүмкін? Біз Зәкеңді құрметтейміз. Зәкеңнің шаңырағының иесіміз. Сондықтан да бізге тыныштық берсін. Менің өтінішім, бұл тақырыпты енді қысқарту керек. Әруаққа тыныштық берсін, - деді Мақпал Жүнісова. 

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова сұқбат берген болатын.

Барлық жаңалықтар