00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Ұмай» әйелдер ипотекасы: Табысыңыз қанша болуы керек

03.05.2023 | 12:00
52
фото: ашық дереккөз

Отбасы банкі «Ұмай»  ипотекалық  тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштерді 10 мамырдан бастап қабылдайды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл оны жүзеге асыруға 15,6 млрд теңге жұмсалады, оған 200-ге жуық несие бөлу жоспарланып отыр. Несиенің 60 пайызы облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына беріледі. 

Бағдарлама бойынша берілетін заемның ең жоғарғы құны 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме биыл 14,4%-ға тең, кейін ол 3,5%-5%-ға дейін төмендетіледі.

Отбасы банкінің мәліметінше, «Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады.

Сондай-ақ, «Ұмай» бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз алуға болады.

Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 мың теңгеден аспаса, ол 15 пайыздық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 640 мың теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20 пайыздық алғашқы жарнамен алуға болады.

Ұмай» бағдарламасы екінші немесе үшінші тұрғын үй сатып алуды көздеп отырған, кірісі жоғары әйелдерге арналған. Биылғы жылы біз АДБ-мен бірлесіп, «Ұмай» бағдарламасына табысы 200 мың теңгеден аспайтын әйелдер де қатыса алатын болады деп шештік. Егер олар төлем қабілеттілігін растаса, ең төменгі 15 пайыз бастапқы жарнамен несие алады. Біз оларға бөлінген қаражат аясында жалпы несиелендірудің 20 пайызына жуығын бөлуді жоспарлап отырмыз, – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Барлық жаңалықтар