00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мәжіліс зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша заң жобасын қарастырып жатыр

05.04.2023 | 10:53
49
Фото: primeminister.kz

Бүгін Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі күні Орталық серіктестермен бірлесіп, зілзалалар қаупін азайту мен төтенше жағдайлар саласында 60-тан астам зерттеу, талдамалық, әдістемелік әзірлемелер, оқу-әдістемелік, ақпараттық және есептік материалдарды әзірлеп, Орталықтың сайтында орналастырылды. Ынтымақтастық үшін құқықтық база құру мақсатында Орталық халықаралық, үкіметтік емес, ғылыми, білім беру және өзге де ұйымдармен 31 меморандумға қол қойылды, - деді министр.

Ильиннің айтуынша, Қазақстанның, шет мемлекеттердің, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың тәжірибелі сарапшыларымен бірлесе 163 халықаралық іс-шара, семинар мен тренинг өткізілді.

2016 жылдан бастап Орталық өңір мемлекеттерінің төтенше ведомстволарымен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп зілзалалар мен төтенше жағдайлардың қаупін азайту саласында, оның ішінде атқарушы агенттік ретінде 30-дан астам бағдарлама мен жобаларды іске асырды және іске асыруды жалғастыруда. 11 жоба Қазақстан Республикасының дамуына тікелей үлес қосады, - деді Юрий Ильин.

Сәбина КӘКІМЖАН

Барлық жаңалықтар