00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Ұлты орыс блогер Тik Tok-та қазақ тіліне араша түсті

19.01.2024 | 06:00
71
Фото: дереккөзден

Наталья Қазақстанда тұратын барлық азаматқа мемлекеттік тілді үйрену қажеттігін айтты. 

«Кез келген банкоматта тілді таңдау опциясы бар, сіз қажетті операцияны орыс тілінде де, қазақ тілінде де ала аласыз. Кез келген мемлекеттік мекемеде құжатты орыс тілінде де, қазақ тілінде де толтыра аласыз. Медициналық мекеме болсын, мемлекеттік мекеме болсын қалаған тіліңізде қызмет көрсетеді. Бірақ біреу «Қазақша сөйле» десе болды бірден шамданып шығасыздар», - деді блогер. 

Сонымен қатар блогер өзінің қазақ тілін білмейтіні үшін қысылатынын айтқан.

«Кешіріңіздер, бұл Қазақстан және мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мен мысалы мемлекеттік тілді жетік білмегенім үшін ұяламын. Өмір бойы Қазақстанда тұрып жатсам да қазақ тілін білмеймін. Ал сіз ол үшін неге күйіп-пісесіз? Мәселен, ұлты қазақ болса да таза әдеби орыс тілінде сөйлегенде, ал мен қазақша білмей тұрғаныма қысыламын», - деді ол. 

 

Барлық жаңалықтар