00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

ҚТЖ жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауды ұсынады

24.04.2024 | 13:34
89
ҚТЖ жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауды ұсынады
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Елімізде демалыс және мереке күндері жақындап қалды. Осыған орай Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауды және теміржол билеттерін уақытылы сатып алуды ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Теміржол билеттерін сату пойыз жөнелтуге дейін кемінде 45-тен 1 тәулік бұрын, ал қала маңындағы пойыздарға – 10-нан 1 тәулікке дейін басталады. Жолаушылар комиссиясыз билеттерді bilet.railways.kz сайтында немесе теміржол вокзалдарында орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында сатып ала алады.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін bilet.railways.kz сайтындағы жеке кабинетте және билет кассаларында «Күту парағы» қызметі қолжетімді. Бұл қызмет арқылы жолаушылар билетке кезекке тұрып, бос орын болған жағдайда билетті сатып ала алады. Билеттерге кезекке 7 күннен ерте емес және де пойыз жөнелтілгенге дейін 2 сағаттан кешіктірмей тұруға болады. Бос орындар пайда болған кезде жолаушының жеке кабинетіне орындарды сатып алу қажеттілігі туралы ақпарат жіберіліп, SMS хабарлама келеді.

Жолаушылар пойыздары бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунтында алуға болады.

Барлық жаңалықтар