00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Құлсары қаласының тұрғындары Маңғыстау облысына эвакуацияланды

17.04.2024 | 11:17
64
Құлсары қаласының тұрғындары Маңғыстау облысына эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты Құлсары қаласынан Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарына 26 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлады Elorda.info.

2 мыңнан астам адам уақытша орналастыру пункттерінде орналастырылды. Қалған халық туыстары мен еріктілер үйлеріне эвакуацияланды.

Үкіметтін тапсырмасымен Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті материалдық құндылықтар қорынан азық-түлік, төсек-орын жабдықтары және т.б. сияқты эвакуацияланған халық үшін материалдық құндылықтарды брондаудан шығарылып беріліп жатыр, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар