00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз»: Тоқаев жұрт табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайтынын айтты

19.04.2023 | 12:04
34
Фото: Turkistan.kz

Бұл туралы Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңесті мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады.

Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз, - деді Мемлекет басшысы.

Барлық жаңалықтар