00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Үкімет отырысында Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралды

05.03.2024 | 05:34
44
фото: primeminister.kz

Шыңғыс Әріновтің айтуынша, республикалық және өңірлік жедел штабтар құрылып, 384 азаматтарды қабылдау пункті ұйымдастырылды. Тәулік бойы «жедел желі» жұмыс істеуде.

Оқиға орын алған күні қабылдау пункттерінде үш мыңға жуық адам орналасты.

Әкімдіктер қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізілді.

Алгоритмге сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды.

Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты. Төтенше жағдай министрлігі профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

Олжас Бектенов жауапты орындарға шұғыл әрекет ету шараларын қабылдауды тапсырды. 

Қазір орын алған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек. Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдау керек, - деді Үкімет басшысы. 

Барлық жаңалықтар