00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Кезекте тұрған азаматтарға төменгі пайызбен 7 мың ипотекалық несие беріледі

23.04.2024 | 12:32
70
фото: дереккөзден

Бүгін Үкімет отырысында елімізде биыл қандай мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар іске асырылатыны туралы айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекте тұрған азаматтарға 2 және 5% мөлшерлемен 81 млрд теңгеге 7 мың ипотекалық несие берілетін болады.

«Отау» ипотекалық бағдарламасы бойынша 9% 150 млрд теңгеге 8 мың ипотекалық несие беру көзделген.

«Отбасы банкі» 1 мамырынан бастап әлеуметтік жағынан осыл азаматтар үшін жылдық 7% және басқа санаттағы азаматтар үшін 9% мөлшермен 20% бастапқы төлеммен жаңа бағдарламаны іске қоспақ. Мұның шеңберінде 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие, одан кейін жыл сайын 200 миллиард теңгеден 8 мың несие беру жоспарлануда.  

Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңгеге 5 мыңнан астам ипотекалық несие берілетін болады.

Барлық жаңалықтар