00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Ештеңеге таңғалмаңыздар»: Танымал блогер Қазақстаннан кеткеніне өкінбейтінін айтты (ВИДЕО)

12.05.2023 | 11:30
47
Фото: almaty.tv

Көпшілікке «Жаным баклажаным» лақап атымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева елінен кеткендерді сынамау керек екенін айтты, деп жазады Elorda.info.

Блогер бұл ойын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Иә, мен қазір камераға қарап жылап қалуым керек. Себебі мен сондай адаммын, мен ешқашан эмоциямды жасырған емеспін, жасыра да алмаймын. Қазір мен шетелге қарайтын адамдарға сын көзбен қарамаймын, білесіздер ме? Оларды ешқашан сынамаңдар, елінен кетті, елін сатып кетті деп. Біздің елімізде бейбітшілік заманында азық-түлік бағасы қымбат, айлық аз, жалпы осындай қарапайым нәрселерден бөлек, біздің елде патриот болу мүмкін емес. Себебі мен елімді сүюім керек, мен елімнің дамуына өз пайдамды тигізуім керек деп туылған адамдардың бірі менмін. Осы уақытқа дейін сөйтіп өскен. Аллаға шүкір, төрт баланың анасымын, төртеуін де осы елдің патриоты қылып өсіремін деп армандағанмын. Балаларымды кішкентай кезінен бастап, жан-жақты етуге тырыстым. Ал соңғы рет, осыдан бір жыл бұрын менің баламның оң көзінің орнына сол көзіне операция жасаған кезде, көңілімнің қалғаны сол жер болды. Бірақ көңілімнің қалған, нүктесін қойған сот болды. Мен жазған арыз, бүкіл фото-видео, дәлел-дәйек көрсетіп тұрып қаралған іс әлі күнге дейін зерттеліп келе жатыр, бір рет жабылды да, - деді ол. 

Сондай-ақ блогер дәрігерлер үстінен арыз жазғанын жеткізді. 

Оқи отырыңыз: «Күніне екі рет іштім...»: Аша Матай қалай қиналғанын айтты

Ал дәрігердің менің үстімнен арызданды, фотомды көрсетті дегені үшін, екінші сот бітіп, оны 18 мамырға ауыстырып отыр. Сонда мен бұрын арыз бердім, бірақ менікі әлі қаралып жатыр. Дәрігер менен кейін берсе де, бірінші сотта жеңіп шығады. Дәрігерлердің қорғаушылары тіпті оныкы дұрыс, одан кешірім сұра жатыр деп жатыр. Сонда мен баламның оң көзінің орнына сол көзіне жасатқаны үшін, кешірім сұратып, өтемақы төлетіп жатыр. Біз ақшасын төлеп құтылсақ та, кешірім сұрамаймын деп отырмын. Неге ақшасын төлемекпіз? Себебі бір жыл бойы қажыдық, шаршадық... Сондықтан ештеңеге таң қалмаңыздар. Біздің ел, біздің Қазақстан, осыдан кейін шетелге кеткен адамдарға ешкім, ештеңе айтпауы керек, - деді ойын қорытындылаған Айдын Тоқсанбаева.

 

Барлық жаңалықтар