00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Еліміздің әр өңірінен келген 70-ке жуық оқушы Ақорда ішін аралады (ФОТО)

01.06.2023 | 17:00
35
Фото: Ақорда

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

балалар.jpg
Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. 

балалар1.jpg

Шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған «Салтанат» залын, түрлі жиындар өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын», «Доғал» және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді. 

балалар2.jpg
Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.

балалар4.jpg

балалар5.jpg

Барлық жаңалықтар